Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

5 маусым күні лаңкестерден зәбір көргендер сотқа арызданды

AstanaTV
10.11.2016ж. 20:00
2612
5 маусым күні лаңкестерден зәбір көргендер сотқа арызданды

Ақтөбеде 5 маусым күні болған лаңкестік әрекетте зәбір көргендер сотқа арызданды. Айта кетейік, бұл іс бойынша бас аяғы 66 жәбірленуші мен 48 куәгерден жауап алынып болды. Айыпталушылар қылмыстық топ құрамында болғанын растағанымен, "кісі өлтіру" дерегі бойынша тағылған айыпты мойындағысы жоқ. Бұл жайында облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Илиада Досова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы:

Бүгінгі сот отырысында жәбірленушілердің талап арыздары, оларға қоса тіркелген өзге де құжаттар мен сотталушыларға қатысты мінездемелер зерттелді.  Сотқа 15-тен астам талап арыз түскен, оның ішінде «Автопарк», «Пантера» серіктестерінен және  66/55 әскери бөлімінен түскен талап арыздар да бар.

Атышулы істі қарау 24 қазанда басталды. Сотқа тартылған 29 адамның тоғызына террорлық әрекетке тікелей қатысы бар деген айып тағылған. Қалғандары қылмыс туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылуда. Сот процесі жабық жағдайда өтіп жатыр.

Илиада Досованың хабарлауынша, айыпталушылардың кейбірі осы қылмыстық топтың көсемі деп есептелген Таңатаров пен Айтуғанның үндеуіне еріп Сирия немесе Америкаға қарсы жихадқа шығамыз деп ойлаған. Мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушылардың өтініші негізінде сотқа қосымша куәгерлер тартылды. Олардың бірі жалға алынған пәтерден 66/55 әскери бөліміне тиесілі қарудың оқшантайы мен оқ дәрі табылғанын растаған.