Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Биыл 23 блогер табыс салығын 1 млрд теңгеге дейін төмендетіп көрсеткен

AstanaTV
22.09.2023ж. 17:25
685
Биыл 23 блогер табыс салығын 1 млрд теңгеге дейін төмендетіп көрсеткен

Блогерлер жарнамадан түскен табысын жасырып келеді, биыл 23 блогер табыс салығын 1 млрд теңгеге дейін төмендетіп көрсеткен,- деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Салық мамандары заңбұзушылықты анықтап, ескерту хабарлама жіберді. Бұл жөнінде «Астана Media Week» аясында өткен семинар барысында айтылды. Шараға қатысушылар өз білімдерін шыңдап, ақпаратты ұтымды әрі сауатты беру бойынша тәжірибе алмасып жатыр. Ал бірқатар баспасөз хатшылары медиа апталық аясында «үздік баспасөз қызметі» және «ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

"14 ақпарат саласының үздігі деген төсбелгі табыстап жатыр. Жалпы баспасөз қызметтерінде жұмыс атқарып жүргенімізге біршама жыл болды. Ақпарат саласында өзім журналист болғаннан кейін 2009 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатырмын",- ҚР Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Омархан Жанжігіт.