Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада күтуші мен оның көңілдесі кішкентай баланы ұрып өлтірген

AstanaTV
22.09.2023ж. 18:00
875
Астанада күтуші мен оның көңілдесі кішкентай баланы ұрып өлтірген

Астанада кішкентай бала күтуші мен оның көңілдесінің қолынан қаза тапты. Сот кінәлілерді 17 және 23 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, бала 2022 жылы қаза болған. Оны күтушісі мен оның көңілдесі ұрып-соққан, соның салдарынан бала көз жұмған.

Жедел-тергеу тобы құрылып, жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.

"Сотта мемлекеттік айыптаушы бұл адамдардың кінәлі екенін дәлелдеп, бұлтартпас айғақтар келтірді, олар 17 және 23 жылға сотталды",-деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасы.