2024 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде екі пән бойынша шекті балл саны төмендетіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлім етті.
Белгілі болғандай, ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады, яғни 3 міндетті және 2 бейіндік пәнді қосқанда, 5 пән бойынша тапсырылады.
Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.