Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Еревандағы митинг кезінде 45 адам ұсталды

AstanaTV
24.09.2023ж. 20:48
843
Еревандағы митинг кезінде 45 адам ұсталды

Арменияның тергеу комитеті Еревандағы митинг кезінде қоғамдық тәртіптік бұзу дерегі бойынша 26 іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қылмыстық іс аясында 45 адам ұсталып, тағы 5 адам қамауға алынды. 7 адамға іздеу жарияланды. Ұсталғандар жаппай тәртіпсіздікке қатысты, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға және күш қолдануға шақырды, бөтеннің мүлкін бүлдірді, суық қаруды заңсыз ұстап жүрді деген күдіктерге ілінген.

23 қыркүйекте Армения полициясы 21 адамды ұстаған. Ереванда үкімет ғимараты алдында жиналған 19 адамды қамауға алды.

Бұған дейін наразылық акциясының қатысушылары Ереван – Ерасх тасжолын жауып тастаған еді. Олар азаматтарды өз қатарына қосылуға шақырған. Кейін полиция белсенділерді ұстай бастағанымен, тасжол әлі жабық.