$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Астанада оқушы баспалдақтан құлап кетті: оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

25.09.2023ж. 20:00
976
Астанада оқушы баспалдақтан құлап кетті: оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанадағы нөмірі 14-ші мектептің оқушысы баспалдақтан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті. "Бала көрмей қалуы мүмкін" дейді әкесі. Оның болашағына алаңдайды. Кінәлілер жазалансын деп талап етіп отыр. Ал дәрігерлер не дейді? Баланың қазір жағдайы қалай? Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай тарқатып айтады.

Бала екінші қабаттан құлап кеткен. Әкесінің айтуынша, алғашқы көмек көрсетілген, ал жедел-жәрдем 1 сағаттан кейін бір-ақ келген. Оқушы ашық бассүйек-ми жарақаты, кеңсірік және маңдай сүйектерінің сынуы, көз ұясының ісінуі және пневмоцефалия диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Үш күн комада болған.

Бекжан ҚОЖАМҚҰЛОВ, БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ:

Қазір открытый мозговая черепная травма. Мына мұрынның ішінде сүйек сынған, канал ашылған дейді. Бала демалған кезде сол канал арқылы миға ауа кіріп жатыр дейді. Оным мен кеше ғана врачтардан сұрап біліп отырмын. +Бізге айтқан бір сүйек сынып, көздің артына тұрып қалған, соны алуымыз керек деген. Енді бүгін айтып тұр, екі жерден сынған көздің қасы. Қазір көзі маған нормальный деген. Бүгін хабарлап тұр 50 процент көз уже көрмейді. Уже екінші көз минусқа кеткен.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Екінші сынып оқушысы дәл осы жерде құлаған. Мектеп директорының айтуы бойынша, бұған дейін бұл жерде тек мына сүйеніш темір ғана болған. Ал мына қорғаныш темір оқыс оқиғадан кейін ғана барып орнатылған.

Дидар БАЙТАСОВ, №14 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЭКС-ДИРЕКТОРЫ:

Мұғалім оқушыларды информатика кабинетіне жетелеп бара жатқан кезде оқушылар ойнап бір-бірін итеріп, содан екінші қабатқа көтеріліп бара жатқан жерден төменге құлап түскен. Ол жерде таяныштар, яғни, перилалар бар. Бірақ периланың арасында қосымша қоршау жоқ және бөгет тосқауылдар баспалдақтың қасында болмаған. Біз оны өкінішке орай қарастырмадық. Бұл біздің мектептің қателігі деп айтуға болады.

Бұл сұқбатты біз таңертең жаздық. Ал кешке мектеп директорының қызметтен босатылғаны туралы ақпарат шықты. Білім басқармасы оны растады.

Бала қазір қалалық балалар ауруханасында. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа ауыр. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді, нұсқауларды орындайды дейді.

Серік ҚИЗАТУЛЛИН, ЕМДЕУШІ ДӘРІГЕР:

Қазіргі жағдайы орташа баланың. Баланың сознаниесі толық ашық, ясное сознание. Жаңағы жауап беру, неврологический дефицит жоқ балада. Бүгінгі күні компьютерный томография қайталанды, магнийтный резонансты томография қайталанды. Положительный динамика көрсетіліп тұр. Қазіргі жағдайы баланың орташа.

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook желісінде мектеп басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, қазір мектепте оқу жылына дайындық сапасын анықтау мақсатында тексеру жүріп жатыр.