$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Аялдаманы талқандаған вандал 70 мың теңге айыппұл арқалады

AstanaTV
26.09.2023ж. 22:33
2507
Аялдаманы талқандаған вандал 70 мың теңге айыппұл арқалады

Астанада автобус аялдамасының әйнегін сындырған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалада вандализм актілеріне жол бермеу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қасақана бұзушыларды анықтау бойынша белсенді жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бөгенбай батыр даңғылында ер адам автобус аялдамасының әйнегін сындырды. Осы әрекеті үшін ол жазаланды.

23 қыркүйекте түнгі сағат 03:00 шамасында 102 арнаға Бөгенбай батыр даңғылындағы №45 үйдің жанында орналасқан автобус аялдамасының әйнегін сындырғаны туралы хабар келіп түсті. Келтірілген залал 110 545 теңгеге бағаланды. Құқық бұзушы анықталды, ол елорданың 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Ер адам жауапқа тартылып, оған 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы жылдың 8 айында елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының басынан бастап елордада қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тоқта, вандал» акциясы өткізіліп жатыр. Оны белгілі қоғам қайраткерлері, еріктілер мен спортшылар бірауыздан қолдады.