Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстанда күн суытады

AstanaTV
27.09.2023ж. 13:48
612
Қазақстанда күн суытады

Синоптиктер 2023 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Қазақстанда күн райы қалай құбылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 28-29 қыркүйекте еліміздің шығысында түнде -1-3°С үсік жүреді.

"Температура фонында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы +17+23°C-қа дейін, таулы аймақтарда +8+13°С-қа дейін төмендейтіні болжанды", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

"Тек Қазақстанның батысында күн ашық болады, түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі деп болжанды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК мамандары.

Синоптиктер сәрсенбі, 27 қыркүйекте Алматыда және Қазақстанның бес қаласында ауада зиян заттардың мөлшері жоғары болуы мүмкін деп болжады.