Енді жеке құжаттардың қағаз көшірмесін жасауға тыйым салынуы мүмкін. Мәжіліс осындай заң жобасын қарап жатыр. Депутаттар бұл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан жоба дейді. Жаңа құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Депутат Никита Шаталовтың айтуынша, әлеуметтік желілерде қолданушылардың дербес деректері қазірдің өзінде рұқсатсыз тарап жатыр.
Никита ШАТАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бұл жолы Қазақстандықтардың тұрғылықты жері, ЖСН, аты-жөні туралы деректерді іздеу қызметтері шетелдік Telegram-Ботта қолжетімді болып отыр. Телефон нөмірі болса болғаны. Көптеген пайдаланушылар бұл деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған деп болжады. Бұл қалай мүмкін болды және министрлік жағдайды түзету үшін не істеді?
Жаңа заң жобасы қабылнатын болса, отандастарымыздың жеке деректері сөзсіз қорғалады. Одан бөлек, біреулердің атынан алаяқтық жолмен несие рәсімделетін болса, оларды да құзырлы орган өкілдері қайта қарайтын болады.
Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әрбір пайдаланушыға, ендігі жерде жеке деректері бойынша рұқсатсыз таралу қауіпі туындаған жағдайда, алдын ала ескертілетін болады. Әрбір азаматқа 1414 арқылы СМС жолданады.