$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Шымкентте жүк көлігі мен автобус соқтығысып, үш адам зардап шекті

AstanaTV
28.09.2023ж. 09:02
Шымкентте жүк көлігі мен автобус соқтығысып, үш адам зардап шекті

Шымкентте жүк көлігі мен автобус соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 27 қыркүйекте Гагарин көшесіндегі Бауман аялдамасында, сағат 17:00 шамасында болған.

Алдын ала болжам бойынша, Howo жүргізушісі қашықтықты сақтамай аялдамада тұрған №126 автобусқа соғылған.

Салдарынан автобустың үш жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.