Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Халық сайлағаннан кейін әкімнің де жауапкершілігі артады",- "AMANAT" партиясының мүшесі

"Халық сайлағаннан кейін  әкімнің де жауапкершілігі артады",- "AMANAT" партиясының мүшесі

Елімізде бұған дейін ауыл әкімдерін сайлау сәтті жүзеге асты. Қызылорда облысы Шиелі ауданында халық таңдауы негізінде 11 ауыл әкімі сайланған болатын. Енді тұрғындарға аудан әкімін таңдау мүмкіндігі беріліп отыр. Соған орай «AMANAT» партиясы аудандық филиалының 42-ші конференциясы өтті. 120 делегат қатысқан жиында партия атынан сайлауға түсетін 3 үміткер ұсынылды. Дауыс беру нәтижесінде қазіргі аудан әкімі міндетін атқарып отырған Ахатов Нұрланның кандидатурасы таңдалды. Делегаттар мұндай саяси реформалар халыққа сенім ұялатады дейді.

Мадина БӘКІРОВА, ДЕЛЕГАТ:

Шиелі ауданы қазір өркендеп, өсіп, гүлденіп келе жатыр. Мен осы жұмыстардың барлығы аудан әкімі қайта сайланғаннан кейін жалғасын табады деп ойлаймын. Бұл жерде халық сайлағаннан кейін әкімді әкімнің де жауапкершілігі артады деп ойлаймын. Халыққа бұл жақсы мүмкіндік болып отыр. Өйткені өзінің таңдаған адамын сайлайын деп отыр.