$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Гинеколог қандай әйелдер егіз көтеретінін айтты

AstanaTV
01.10.2023ж. 20:44
8328
Гинеколог қандай әйелдер егіз көтеретінін айтты

Егіз немесе үшемді болуға не әсер етеді? Бұл жайлы Doctorpiter порталына гинеколог Юлия Вербовая айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұрыннан егіздер сирек кездесетіндіктен, көпшілік оларға қызыға қарайды және қалай егіз көтеруге болатынын білгісі келеді. Бірақ дәрігердің айтуынша, әйелдің егіз көтеруі қалыпты жағдай емес екенін айтты.

"Әйел ағзасында екі немесе одан да көп ұрық дамитын көпұрықтық жүктілік сирек кездеседі. Әрине, егіз немесе үшем көтерудің рецептісі жоқ. Көпұрықтық жүктілік – физиологиялық емес, патологиялық жүктілік екенін түсіну маңызды", - дейді гинеколог Юлия Вербовая.

Әйел ағзасы табиғатынан бір ғана ұрық көтеруге бейімделген. Сондықтан егіз немесе үшем жүктілігі мұқият бақылауды қажет етеді, себебі бұл кезде ана үшін де, бала үшін де асқыну қауіптері артады.

"Бұрын егіз немесе үшем көтеру өте сирек кездесетін. Ал қазір мұндай жағдай көбейіп жатыр. Бұл екі мүмкін фактормен түсіндіріледі: егіз бен үшем жиі ЭКҰ-дан және 35 жастан асқан әйелдерде пайда болады", - деді дәрігер.

Қандай әйелдер егіз немесе үшем көтеруі мүмкін:

30-35 жастан асқан әйелдер;

Анасы жағынан көпұрықты жүктілік бар болса;

Жиі босанатын әйелдер (әйел қаншалықты көп босанса, егіз болу мүмкіндігі жоғары);

Жатыр дамуында ауытқу бар;

Овуляцияны ынталандыратын препараттарды қолдану кезінде үйлесімді контрацептивтерді ішуді тоқтатқан бойда жүкті болып қалған әйелдер;

ЭКҰ (ЭКО).