Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Жамбылда білім саласының бас инспекторы 4,5 млн теңге пара алған жерінен ұсталды

AstanaTV
15.11.2016ж. 20:00
4429
Жамбылда білім саласының бас инспекторы 4,5 млн теңге пара алған жерінен ұсталды

Жамбыл облысында тексеру комиссиясының бас инспектор-аудиторы Нұрлан Дүйсенов 4 жарым миллон теңге пара алған жерінен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның дерегіне сай, қомақты қаражатқа ол білім саласының былығын жасырмақ болған. Ревизиялық тексеру саласында 30 жыл қызмет етіп келген оның зейнет жасына шығуына бар-жоғы бір жылы қалған.

Мамандардың айтуынша, ол Талас ауданы әкімшілігінің білім беру бөлімінің сектор меңгерушісінен қомақты қаражаттың бір бөлігін 4 қараша күні алыпты. Арада апта өткенде, қалған 1 жарым миллион теңгені алып жатқанда, жолы кесіледі. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына жабылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Рауан Рамазанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық департамент басшысының орынбасары:

ҚР ҚК 366 бабына сәйкес, ауыр жаза ретінде 15 жылға дейінгі бас бостандығы және де өмір бақи мемлекеттік қызмет атқаруда шектеу қойылады. 4 жарым млн теңгеге қазіргі уақытта 60 есе ретінде айыппұл тағайындалады. Бұл енді есептеп көрсеңіздер 300 млн теңгеден асады.