Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VІІ Съезінің ХХІ хатшылық отырысы өтеді

03.10.2023ж. 20:00
670
Елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VІІ Съезінің ХХІ хатшылық отырысы өтеді

Бір аптадан соң Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ХХІ хатшылық отырысы өтеді. Үш жыл сайын өтетін шарада "2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы» талқыланып, қабылданады. Оған әлемнің бірнеше елінен делегаттар және дәстүрлі діндер өкілдері келеді деп күтілуде.

Руслан ИБРАЕВ, КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ Н.НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС КОНСУЛЬТАНТЫ:

Сьезде көтерілетін негізгі мәселе келісім және бейбітшілік орнату мәселелері. Сонымен қоса осы дін алаңында дінді кері ниетте қолданатын топтардың мысалы экстремистік немесе терористік идеяларын таралуының алдын алу үшін осыларға қарсы жанағы былай айтқан кезде диалогқа шақыру мәселесі. Осы құндықытарды сынға алу осылардың зардаптарын түсіндіру осы мәселелер.