Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген теріс діни ағым өкілі ұсталды

AstanaTV
05.10.2023ж. 11:42
556
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген теріс діни ағым өкілі ұсталды

Халықаралық іздеудегі теріс діни ағым өкілі Шымкентте ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы көрші елдің азаматын құрықтады.

"Өзбекстан Республикасында ірі көлемде ұрлық жасап, тергеу мен соттан қашып жүрген ер адам қала аумағындағы көшелердің бірінде қолға түсті. Қабылданған шұғыл шаралардың нәтижесінде Шымкент полицейлері халықаралық іздеудегі күдіктіні 2 ай ішінде іздеп тапты", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары ел аумағында заңсыз жүргенін және теріс діни ағымды ұстанушылардың қатарынан екенін анықтаған. Қазіргі уақытта шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.