Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстан мектептерінде 340 958 мұғалім жұмыс істейді

05.10.2023ж. 20:00
865
Қазақстан мектептерінде 340 958 мұғалім жұмыс істейді

Ұстаздар мерекесі елімізде алғаш рет бүгін -5 қазанда аталып өтілуде. Қазақстан мектептерінде 340 958 мұғалім жұмыс істейді. Оның 274 310-ы әйел, 66 648-і ер азамат. 39 254 педагогтың 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. Ұстаз болу - бұл ұлы міндет. Бүгін әрбір адам алғаш қолына қалам ұстатып, әріп үйреткен ұстазын ұлағаттап, мерекемен құттықтап жатыр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Ұстаздар адам өмірінде немесе адамзат баласында үлкен рөл атқарады. Өйткені, ол біздің екінші анамыз. Ал, мектеп біздің екінші үйіміз секілді. Алғашқы ұстазымды танимын, білемін. Өте сыйлаймын және құрметтеймін.
- Ең алғашқы ұстазымды құттықтағым келіп тұр. Ол Таукенова Елеукен Ғазенқызы. Және де қазір өзім істеп жатқан ұжымды құттықтау сөзімді білдіргім келіп тұр.
- Ұстаздардың орны ерекше. Өйткені, біріншіден бізге қалам ұстатып, білім беріп әрі қарай өмірді жалғастырудың жолын тапқан ұстаз деп ойлаймын. Ұстаздың еңбегі зор.