Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

БАҚ пен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасын дамыту тақырыбы семинарға арқау болды

AstanaTV
16.11.2016ж. 20:00
2966
БАҚ пен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасын дамыту тақырыбы семинарға арқау болды

"БАҚ дамытудың заманауи құралдары". Елордада "Нұр Отан" партиясының саяси менеджмент мектебі мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен осындай тақырыпта семинар басталды. Екі күндік шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 150-ге тарта журналист пен баспасөз хатшылары қатысып жатыр. Мақсат - ақпарат құралдарының тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдардың БАҚ-пен қарым-қатынасын дамыту.

Нұржан Есенжолов, Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Ақпарат өте тез мобильді тарайтын заман, сондықтан ақпарат ағымын реттеу дұрыс бағытта пайдалану және оны халыққа дұрыс жеткізу, дезинформациядан сақтану деген секілді. Әр мемлекеттік мекеме жұмысы журналистермен тығыз қарым-қатынас арқылы бағаланады. Сондықтан осылай жұмыс істеу керек деп ойлаймын.

Семинарда журналистер қауымы үшін маңызды саналатын шешендік өнер, сөйлеу психологиясы мен дағдарысты жағдайдағы тиімді жұмыс тәсілдері талқыланды. Үш сессияға бөлінген қатысушылар ақпарат жеткізудің жаңа үлгілерімен танысты. Сандармен жұмыс істеу, журналистің әдептілігі мен ақпараттың шынайылығы тақырыбы да ұмыт қалмады. Жиында бас қосқандардың басым бөлігі облыстар мен аудан, қалалардағы газет-журналдар мен телеарна-радио өкілдері. Олар үшін Ресейдің бірқатар журналистері мен отандық сарапшылар тренинг өткізіп, шеберліктерімен бөлісті.

Андрей Виль, журналист-медиатренер, Ресей:

Аймақтық БАҚ-тар орталық арналар мен газеттердің көлеңкесінде жүреді деген түсінік қалыптасып қалған. Бұл дұрыс емес, заманауи технологиялар мен жаңашылдықтарды кез келген деңгейдегі БАҚ-та қолдануға болады. Және бұл соншалықты қымбатқа түспейді. Осы семинар өңірлік ақпарат құралдарына тың серпін беріп, тоң болып қатып қалған кей ұғымдарды бұзып, айтарлықтай сілкініс әкелеріне сенімдімін.