Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын түсті

AstanaTV
06.10.2023ж. 20:00
562
Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын түсті

Азиада ойындарында Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын түсті. 60 келіде ел намысын қорғаған каратэші Қайсар Алпысбай финалда кувейттік қарсыласын жеңді. Тағы қай спорт түрлерінен жүлде алдық? Толығырақ спорт топтамасында.

Қайырлы кеш, спорт сүйер қауым! Сіздермен «Астана» телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті «бес минут» айдары. Менің атым Нұрлан Нұрыш. Біз бастаймыз!

Қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай Азия ойындарында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жек өткізді. "Алтын" үшін күресте оған Кувейттен келген екі дүркін Азия чемпионы Абдулла Шаабан қарсы тұрды. Кездесуде отандасымыз 7:5 есебімен жеңіске жетті.

ҚАЙСАР АЛПЫСБАЙ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Сондай-ақ, каратэден Әсел Қанай ел қоржынына қола медаль салды. Оның осы кезеңдегі қарсыласы Иран өкілі Атуса Гольшаднежад болды. Жекпе-жек 1:0 есебімен Әселдің пайдасына шешілді.

ҚОРЖЫНҒА ҚОЛА ТҮСТІ

Галина Дуванова Азия ойындарында күміс жүлде алды. Джиу-джитсудан 57 келі салмақта әлем чемпионатының 3 мәрте қола жүлдегері финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезке 0:2 есебімен ұтылды.

Г.ДУВАНОВА КҮМІС ИЕЛЕНДІ

Ал ескек есуден Александр Куликов финалда өнер көрсетіп, екінші орынға ие болды. Жеңістің биік тұғырынан Өзбекстаннан келген спортшы көрінді. Жапондықтарға қола жүлде бұйырды. Сондай ақ, әйелдер арасында үшінші орынды Екатерина Таранцева иеленді

ЕСКЕК ЕСУ СПОРТЫНАН ЕКІ ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ

Бокстан 57 келі салмақта өнер көрсеткен Карина Ибрагимованың ақтық сында жолы болмады. Ол тайваньдық Тин Ю Линнен жеңілді. Отандасымыз күміс жүлдені қанағат тұтты.

КАРИНА КҮМІСПЕН КҮПТЕЛДІ

Конференциялар Лигасының топтық кезеңінің екінші турында «Астана» чехиялық «Викторияны» қабылдады. Елордалық команда қонақтардан 2:1 есебімен ұтылды. 51-минутта Марин Томасов алаң иелерін алға шығарды, бірақ чехтер қатарынан екі гол соқты: 54-ші минутта Томаш Хоры ерекшеленді, ал 57-ші минутта Лукаш Калвах көзге түсті.

"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян ойын туралы былай деді: "Матч өте қиын болды. алаңның әрбір нүктесінде допқа таластық. Дөрекілікті көп көрдік, бірақ бұл олардың стилі. Олар агрессивті футбол ойнайды. Екі жылдам гол жіберіп алдық. Тың ойыншылар шығарып, кездесуді қолға алуға тырыстық. Дайындық жақсы болды, ешкімге ренішім жоқ».

Осылайша, "Астана" Конференциялар Лигасының топтық кезеңінде қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады. Виктория, керісінше, екі турда да жеңіске жетті.

"АСТАНА ""ВИКТОРИЯДАН" ҰТЫЛДЫ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсететін Ыстамбұлдық "Бешикташ" швейцариялық "Луганомен" кездесті.38-минутта түрік клубының камерундық шабуылшысы Винсент Абубакар есеп ашты. 14 минуттан кейін сол Абубакар дубль жасады. Осыдан кейін түріктердің жеңісіне көпшілік шүбә келтірмеген. Бірақ 61-минутта Валентин Розье екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Он ойыншымен қалған алаң қожайындары соңғы 10 минутта білгендерінен жаңылды. Қатарынан үш гол жіберіп алды. Қонақтар сапынан Игнасио Алиседа, Шкелким Влади мергендігімен көзге түссе, Эрик Байи автоголдың авторы атанды. Қорытынды есеп 3: 2.

"ЛУГАНО" КАМБЭК ЖАСАДЫ

Қазақстан Премьер-лигасының 17-турында "Мақтаарал" қостанайлық "Тобылмен" ойнады. Алғашқы минуттардан бастап командалар арасында аздаған қауіпті сәттер орын алды, үзіліске дейін бір гол соғылды. Руслан Юденков допты өз қақпасына соғып алды. Кездесудің екінші жартысында Данияр Семченков де қақпасын дәл көздеді. Есеп 1:1. "Мақтаарал" 25 ұпаймен аутсайдерлер қатарында тұр. 30 ұпай еншілеген "Тобыл" турнир кестесінің ортасында тұр.

"ТОБЫЛ" "МАҚТААРАЛМЕН" ТЕҢ ОЙНАДЫ

"Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси әлі де еуропалық клубта ойнай алады. Әлеуметтік желілерде Inter Miami хабарлағандай, әйгілі Inter Miami ойыншылары АҚШ командасы MLS плей-оффына кірмеген жағдайда Еуропаға қысқа мерзімді өте алады. Осылайша, аргентиналық жұлдызды шабуылшы Лионель Месси еуропалық клубтардың бірінде болуы мүмкін. Лионель Месси жазғы трансфер терезесінде "Интер Майамиге" ауысқан болатын. Ойыншының клубпен келісімшартты 2025 жылдың желтоқсанына дейін жасалады. Осы маусымда футболшы барлық турнирлерде 12 матчқа қатысты, онда ол өзінің активіне 11 гол және бес нәтижелі пас жазды.

МЕССИ ЕУРОПАҒА ОРАЛУЫ МҮМКІН

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.

Менде әзірге осы, ертеңге дейін сау болыңыздар!