Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстанда балалар үйін тексеру қажет

AstanaTV
16.11.2016ж. 20:00
3180
Қазақстанда балалар үйін тексеру қажет

Елдегі барлық балалар үйін жоспарсыз тексеру керек. Мұны Білім және ғылым министрлігі мен Бас прокуратура қолға алуы қажет. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова осылай деп депутаттық сауал жолдады. Себебі соңғы кезде балаларға зорлық көрсету фактілері жиілеп кетті.

Оның айтуынша, балалар үйі мен интернаттардағы балалар құқығын, олардың дұрыс тамақтануын қадағалап, денсаулықтарын тексеру қажет. «Бүгінде жетім балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету әдетке айналып барады. Бұны доғару қажет», - деді депутат. Бүгінде ата-ана қарауынсыз қалған балалар тәрбиеленетін 106 мекеме бар. Онда алты мыңдай бала өмір сүріп жатыр.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Соңғы кездері балалар үйінде зорлық көрсету фактілері белгілі бола бастады.  Психологиялық, физикалық, сексуалдық сипатта. Тәрбиешілердің балаларға, жасы үлкендердің кішілерге зорлық көрсету фактілері анықталып жатыр. Жетім балаларға қатысты зорлық көрсету әдетке айналып барады. Жетім және кемтар балалар жылдап жәрдемақы алмайды, тамақты тойып ішпейді, киімдерін жыртылғанша киеді. Бұл туралы прокуратура тексерістерінің қорытындысы бойынша белгілі болды.