Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«INVIVO» медициналық орталығы заманауи қондырғылармен қызмет көрсетеді

AstanaTV
16.11.2016ж. 20:00
7813
«INVIVO» медициналық орталығы заманауи қондырғылармен қызмет көрсетеді

Еліміздің бірнеше өңірінде ағзадағы түрлі кеселдерді тез әрі нақты анықтап беретін замануи медициналық орталықтар іске қосылды. «INVIVO» деген атпен танымал медициналық мекеме МРТ және КТ аппараттарымен диагностика жасаудың ең соңғы үлгідегі қондырғыларын республиканың 6 ірі қаласында толықтай іске қосты. Орталықтың дамуына «Бәйтерек» холдингіне еншілес «Қазына капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы тікелей инвестиция салу арқылы демеу болып отыр.

«INVIVO VDP» ЖШС адам ағзасы мен жасушыларындағы дертті анықтайтын қондырғылармен жұмыс істеуді 2014 жылы қолға алған. Алғаш Алматы ауруханаларына неміс технологиясымен жасалған медициналық аппараттар қойылды. Одан кейін Ақтау, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда және Атырауда МРТ және КТ қондырғылары науқастарды қабылдау жүргізіле бастаған. Орталықтарды заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау үшін соңғы 2 жылда едәуір инвестиция тартылған.

Нұрбек Тойшыбаев, «INVIVO VDP» ЖШС бас директоры:

Біз осы инвестициялар арқылы өз қызмет көрсету аумағымызды кеңейттік. Соңғы үлгідегі қондырғылармен біздің орталықтарымыз жабдықталған соң, оған деген сұраныс артты. Сапалы әрі дер кезінде қызмет көрсетуімен ерекшеленеді. Сондықтан алдағы 5 жылда олар маңыздылығын жоғалтпайды.

Диагностикалық орталықтардағы магниттік-резонанстық талдау жасау және компьютерлік томография аппараттары адам ағзасы үшін қауіпсіз. Германия және Жапонияда өндірілген құрылғылар көптеген ауру түрлерін ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді. Науқастар тарапынан да сұраныс жоғары болғандықтан, инвесторлар да нақты осы бағытқа қаржы құйған.

Ермек Оспанов, «Қазына капитал менеджмент» АҚ басқарушы:

Жобаға 10 млн АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалды. Шетелдік ең сапалы қондырғылармен жабдықталған аймақтағы орталықтар өзін жақсы жағынан көрсетті. Болашақта зертханалық салаларға да қаржы беруге әзірміз. Себебі бұл мекеме өз мүмкіндіктерін көрсетті. Медицина саласындағы күрделі жобаларға қаржы беруге болады деген сенімдеміз. 

Қазір «INVIVO VDP» орталығының қызмет түрлеріне сұраныс жоғары. Бағасы да қолайлы. Медициналық мекеме девальвациядан соң да бағаны көтермеген. Қазір мұнда МРТ жасату құны 17 мың теңгеден басталады, ал компьютерлік томография 10-12 мың теңге көлемінде.