Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ЭКСПО көрме имиджіне әсер етпейді - СІМ

AstanaTV
17.11.2016ж. 20:00
2022
ЭКСПО көрме имиджіне әсер етпейді - СІМ

«ЭКСПО аумағындағы 90 метрлік көпірдің құлауы көрме имиджіне әсер етпейді». Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов журналистерді оқиғаны дүрліктірмеуге шақырды.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Егер сіздер дүрліктірмесеңіздер, көрме имиджіне ешқандай да әсер етпейді. Кеше тиісті түсініктеме берілді ғой. Техникалық, басқа да жағынан. Жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Шұғыл шаралар қолданылды, ең бастысы, құрбан болғандар жоқ. Құрылыс барысында бұндай жағдайлар болып тұрады. Нысандар дер кезінде тапсырылды және ЭКСПО бойынша барлық мақсаттар орындалды.

ЭКСПО аймағындағы төтенше жағдайға қатысты сенаторлар пікірі әртүрлі.

Асхат Күзеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл мәселеге аса қатты назар аударудың қажеті жоқ. Өйткені бәрі ойдағыдай болуы тиісті.

Дархан Қалетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Әрбір бұндай қауіпті жағдай жай қарауға болмайды. Сондықтан әрбір бұндай болған жағдайға жауапты органдар өздерінің пікірін айту керек, өздері жауап беру керек.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

ЭКСПО деген біздің енді көрме ғой. Оны көрсету керек. Мақтануымыз керек. Мақтанамыз деп отырған құрылыстың өзінен осындай шығып жатса, басқасынан не шықпайды, мысалы? Сондықтан бұл терең ойландыратын мәселе.