Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Өзбекстанда Yandex.Go такси қызметі бұғатталуы мүмкін

AstanaTV
07.10.2023ж. 14:00
684
Өзбекстанда Yandex.Go такси қызметі бұғатталуы мүмкін

1 желтоқсаннан бастап Өзбекстанда ресейлік Yandex.Go такси қызметі бұғатталуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл жағдай компанияның бірқатар талаптарды орындамағанынан болып отыр.

"Осы жылдың қыркүйек айында Yandex.Go компаниясына заңнамалық құжаттарға сәйкес өз қызметін екі ай мерзімде ұйымдастыруға талаптар қойылды", - деп хабарлады Өзбекстан Салық комитеті.

Олардың қатарында қызметті жүзеге асыру және белгіленген салықтарды төлеу үшін Өзбекстанның салық резиденті ретінде тіркелу, салық органдарының ақпараттық жүйесімен интеграцияны қамтамасыз ету және клиенттерге автоматты түрде қалыптастырылатын фискалдық чекті ұсыну талаптары енгізілген болатын.

"Жоғарыда аталған талаптар орындалмаған жағдайда, 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін Салық комитеті цифрлық технологиялар министрлігіне Yandex компаниясының электрондық платформасын пайдалануды бұғаттау туралы ресми өтініш жібереді", - деп атап өтті Салық комитеті.