Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Кедергіден өте алмаған". Арбадан құлап қалған иесін қорғаған Хатиконың әрекеті жұртты елжіретті

AstanaTV
09.10.2023ж. 15:57
513
"Кедергіден өте алмаған". Арбадан құлап қалған иесін қорғаған Хатиконың әрекеті жұртты елжіретті

Тараздық Хатико арбасынан құлаған иесін күзетіп, оған бөтен біреуді жолатпай қорғап тұрды. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл оқиға 7 қазанда облыс орталығы көшелерінің бірінде болған. Полицейлер жолдың ортасында аударылған мүгедектер арбасын, ал жанында қарт адамның құлап жатқанын және итті байқаған.

Полицейлер Хатико мен оның иесі Анатолий Дербеновті бірден таныған. Зейнеткер жолдағы кедергіден өте алмай, аударылып қалған. Ит осы уақыт ішінде иесін мұқият күзетіп, жанында отырған. Патрульдік полиция инспекторлары бірден қарт кісіге көмекке ұмтылғанымен, ит иесіне ешкімді жолатпады. Алайда оқиға сәтті аяқталды.

"Ит тістеп алуы мүмкін еді. Қаладағы барлық адам оны біледі. Иесін әрдайым қорғайды. Біздің басты міндетіміз - атаға көмек көрсету болды. Ол басын жарақаттап алған", - Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі Нұрбол Мырзакерім.

Қазір ата мен оның итінде бәрі жақсы, дәрігердің қарауынан кейін екеуі де үйіне жіберілді.