$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС марқұмға жеті жыл бойы қаржы аударған

09.10.2023ж. 20:00
876
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС марқұмға жеті жыл бойы қаржы аударған

Жеті жыл бойы өмірден өткен марқұмға қаржы аударылған. «Қазақстан Темір жолы - Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақмола облыстық филиалы осындай заңсыздыққа жол берген. Көлік прокурорлары кәсіпорынды тексеріп, түрлі тәсілмен қаржы жымқырудың бірнеше дерегін анықтапты. Тіпті серіктестіктің Қарағанды облыстық филиалындағы кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржол зейнеткері етіп тіркеп, оларға 5 жыл бойы 1 млн теңгеден астам өтемақы мен сыйақы беріпті. Тексеру нәтижесінде бас-аяғы 742 адамға 10 млн теңгеден астам заңсыз қаржы бергені белгілі болды.

Дархан ДҮЙСЕМБАЙ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі кезде заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.