Әнші Құрмаш Маханов азан шақырып қойған шын есімінің кім екенін айтты. "Жақсы адамдарым" бағдарламасына келген өнер иесі ел білмейтін құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің азан шақырып қойған есімім - Құрманбай. Құрбан айт күні туған екенмін. "Жас Қанат", "Азия дауысына" Құрманбай боп шығып жүрдім. "Азия дауысынан" кейін мені ауылыма шақырып, аудан боп жиналып, телеарна шақырды. Мағат ат мінгізді. Сол жерде ағайындар, көрші-қолаң "Неге есіміңді өзгерттің? Құрманбайды қайдан тауып алғансың?" деп назын айтты. Олардың бәрі мені "Құрмаш", "Құрмашек" деп атайтын. Мен құжаттағы есімім Құрманбай екенін айтып едім, "Жоқ. Сен Құрмаш болу керексің" деді. Сосын 1998 жылдан бастап сахнадағы есімім - Құрмаш болды. Менің өзіме де ұнайды", - деді Құрмаш Маханов.