Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Келін боп түскен үйіңнің әңгімесін маған тасыма": Әнші Гүлнұр Оразымбетова анасымен арақатынасы туралы айтты

AstanaTV
11.10.2023ж. 15:47
974
"Келін боп түскен үйіңнің әңгімесін маған тасыма": Әнші Гүлнұр Оразымбетова анасымен арақатынасы туралы айтты

Белгілі әнші Гүлнұр Оразымбетова келін атанғанда анасының өзіне айтқан өсиеті туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желіде анасына жазба арнады. 

“Анашым… Кемпірдің қызымын ғой, бірақ соңғы уақытта анамның бетінен сүйіп, құшақтап, еркелейтін болыппын. Өзі де бұрын “Қой, ары бар, енемнен ұят болар” деп шошитын. Ешкім жоқта құшақтап, сағынышымды басып аламын. Үнемі айтатын сөзі: “Келін болып түскен үйіңнің әңгімесін маған тасымаңдар. Ата-енеңді сыйлаңдар, жолдасыңның жағдайын жаса, алды-артыңды жиыстырып жүр, дастархандарың әрқашанда жаюлы болсын. Келген қонағыңа күліп отырып шайыңды құй”. Менде ұлдар болған соң “Әке мен ұл баланың арасына түспе, оларға темірдей тәртіп керек, араласпа” дейді. Барлық сөзі орынды… Ата-ана баласына тек жақсы болсын дейді ғой, дұрыс қабылдай білейік. Аман болайық”, – деп жазды әнші.