Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Жауын-шашын, тұман, көктайғақ": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

AstanaTV
11.10.2023ж. 16:28
679
"Жауын-шашын, тұман, көктайғақ": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Атап айтқанда, жаңбыр мен жабысқақ қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктер 12 қазанда батыста, солтүстік-батыста, 13 қазанда орталықта, оңтүстікте, 14 қазанда шығыста, 13-14 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында-қатты жауын-шашын болады деп болжады.

Республика бойынша көктайғақ, екпінді жел күтіледі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер болжамынша, ауа температурасы шығыста түнде -3...+11 градус болса, күндіз +10...+22 градус болады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +10...+18 градус жылы болады.

Таулы аудандарда күндіз ауа температурасы 0...+10 градус болса, түнде 0..+5 градусқа дейін төмендейді.