Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Биыл ел қамбасына 8 млн. тонна астық кем түсуі мүмкін

11.10.2023ж. 20:00
473
Биыл ел қамбасына 8 млн. тонна астық кем түсуі мүмкін

Биыл ел қамбасына 8 млн тонна астық кем түсуі мүмкін. Құрғақшылық салдарынан егін шығымы аз болып, дихан еңбегі ақталмады. Ал, күздегі мол жауын-шашын егін жинау науқанына кері әсер етті. Салдарынан шаруашылықтар орылған астықты кептіру үшін орасан шығынға батып жатыр. Осыған орай, қиындыққа тап болған қожалықтарға үкімет қаржылай қолдау көрсетпек. Ол үшін мемлекет қазынасынан 155 млрд. теңге субсидия бөлу қарастырылуда. Сонымен қатар, олардың қаржылық міндеттемелерінің мерзімін ұзарту мәселесі де жуық арада шешімін таппақ.

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір әділ баға белгіленді. Үшінші классқа 120 мың теңге , төртінші классқа 105 мың теңге, Алған форвардтарға, товарлық кредиттерге біздер қазір мүмкіншілік болмаған фермерларға келесі жылға созып жатырмыз.