$480.61 €534.53 ₽5.28
×

«Қанаттылар» инклюзивті театры спектакль қойды

11.10.2023ж. 20:00
599
«Қанаттылар» инклюзивті театры спектакль қойды

«Күле аласыз ба?». Астанада осындай атаумен «Қанаттылар» инклюзивті театры спектакль қойды. Премьера авторы - Қанат Жүнісов. Қойылымда мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айқайы суреттелген. Актерлер коғамның кейбір мәселелерін астарлы әзіл арқылы жеткізуге тырысады. Әуезді әнмен өрбіген комедия адалдық, мейірім, жауапкершілік пен ұлтжандылық сезімдерін оятады, - дейді режиссер.

Нұрфат ВАХИТОВ, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР:

Биыл арнайы автордың өзінің бізге деген сыйлығы деп айтсақ та болады. Сондықтанда осы мүгедек, ерекше жандардың ішкі жан дүниесі, айтар ойлары, олардың да қоғамда орыны бар екенін білдіретін, күлкіге толы, оқиғалы шығарма деп ойлаймын.