$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Депутат Қ.Жақыпов жемқорлықпен істі болған баласы үшін жауапты емес - депутаттар

AstanaTV
18.11.2016ж. 20:00
3666
Депутат Қ.Жақыпов жемқорлықпен істі болған баласы үшін жауапты емес - депутаттар

Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың жемқорлықпен ұсталған ұлы үшін отставкаға беруіне негіз жоқ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Қайрат Қожамжаров осылай деді. Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевтың пікірінше де, Жақыповтың депутаттық мандаты мен ұлына қатысты тергеуді бірге қарауға болмайды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Әкесі баласы үшін жауапты емес. Жалпы мен енді ондай нақты жағдайлар болған кезде, біз әрбір осындай жағдайды жеке қарауымыз керек деп, соны айтып отырмын. Тергеудің жүру барысын қарайық, ары қарай сот болады, соттың шешімін көруіміз керек. Осы қылмысты жүзеге асырған адам енді ол жас бала да емес, үлкен бұл күрделі мәселе.

Естеріңізге салсақ, күні кеше ғана 28 млн теңге пара алды деген күдікпен «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов, мемлекеттік-жеке меншік дирекция департаментінің басшысы Бауыржан Әйтімбетов және басқарушы директоры Ғазиз Сариев ұсталды. Оларға қылмыстық жүйе құрып, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалдамалы баспана тұрғызуда құрылыс компанияларына лобби жасап, пара алды деген айыптар тағылып отыр. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ