Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Мусин Қазақстанда не үшін интернеттің сапасы нашар екенін түсіндіріп, халықтан кешірім сұрады

AstanaTV
13.10.2023ж. 19:37
547
Мусин Қазақстанда не үшін интернеттің сапасы нашар екенін түсіндіріп, халықтан кешірім сұрады

Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елордадағы интернет байланысының сапасы не себепті жақсы емес екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Нақты әр жағдайды түсіну керек. Бірақ қазір 5G технологиясына көшіп, жаппай орнату жүріп жатыр. Базалық станциялар біресе анда біресе мұнда әкелінеді, процесс жүріп жатыр”, – деді Бағдат Мусин "digital Bridge 2023"форумы аясында өткен брифингте.

Бұл қызметтерді орнату және конфигурациялау кезінде қиындықтар туындауы мүмкін, деді ол.

“Бұл технология. Әрине, тұрғындардан кешірім сұраймыз. Бұл менің ойымша уақытша құбылыс. Ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін елорда мен Алматы қаласындағы жағдайды түзетеміз деп сендіріп отыр”, – деді министр.

Оның сөзінше, 2025 жылдың соңына дейін әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 5G технологиясымен қамтылады.

"2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларының кемінде 75 пайыз және облыс орталықтарының 60 пайыздан астамы 5G желісімен қамтиды. Яғни, әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 2025 жылдың соңына дейін 5G технологиясымен қамтылады", – деді министр.

Айта кетсек, кеше Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталықтарын 5G технологиясымен қамтуды жеделдетуді тапсырған болатын.