Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада тұмауға қарсы вакцинация басталды

AstanaTV
13.10.2023ж. 21:07
740
Астанада тұмауға қарсы вакцинация басталды

Елордада тұмауға қарсы вакцина алу маусымы жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«Вирустық инфекциялар тарауына байланысты азаматтарға тұмауға қарсы вакцина алуға кеңес беремін. Ұйымдар мен кәсіпорын басшылары еңбек ұжымының иммундық қауіпсіздігін уақытылы назарға алуы керек. Себебі тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі - уақтылы вакцинация. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан жыл сайын эпидемиялық маусымда вакцина алу керек», - деді Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тұмауға қарсы вакцинаны қаланың кез келген емханасынан алуға болады. Екпе халықтың бірқатар санатына тегін.

«Тұмау ауыр түрде жұқса асқынуға апарады. Аталған аурудың алдын алу мен сақтануда вакцина көмектеседі. Тұмаудан неліктен қорқамыз? Себебі ол орталық жүйке жүйесімен біргең асқынуымен өлім жағдайына алып келуі мүмкін»,- дейді Астана медицина университеті балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Баян Тұрдалина.