Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қостанай облысында су құбырының құрылысы ұзаққа созылған ауылда төтенше жағдай жарияланды

17.10.2023ж. 20:00
821
Қостанай облысында су құбырының құрылысы ұзаққа созылған ауылда төтенше жағдай жарияланды

Қостанай облысындағы Мәскеу ауылында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Аудан басшылығы амалсыздан осындай қадамға барғанын айтады.

Ауылға су құбырын жүргізу жұмыстары 3 жыл бұрын басталған. Алайда өскемендік мердігер өз ісіне немқұрайлықпен қарап, соңғы 4 айда құрылыс-монтаж жұмыстарын мүлдем тоқтатқан. Соның салдарынан елдімекендегі 500 үй сусыз қалайын деп тұр. Ал мердігерді ауыстырып, қайтадан байқау жариялау ұзаққа созылып кетеді.Сондықтан аудан басшылығы төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болып отыр.

Берік ТАҢЖАРЫҚОВ, ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Шамамен 75-80 пайызға бітіп тұр.Бірақ оның орындалуы және сапасы әлі бізге белгісіз.Қалған жұмсытарды біз екі-үш аптада бітіруге дайынбыз.Бірақ мына жасалынған жұмыстың сапасын бәрін тексеріп болғанан кейін қарастырамыз.Ол жұмысты да қалдырып кетпейміз. Оның бәрін дұрыстаймыз.