Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Желіде құдалардың тікұшақпен келген видеосы пайда болды

AstanaTV
18.10.2023ж. 08:42
659
Желіде құдалардың тікұшақпен келген видеосы пайда болды

Желіде бір топ адамның құдалыққа тікұшақпен келген видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан құдалардың "Бақытты бол!" деген жазуы бар сары тікұшақтан түскенін көруге болады. Одан кейін барлығы фотоға түсіп, шашу дәстүрлі рәсімі орындалады.

Аталған жағдайға қатысты желі қолданушылары екіұшты пікір білдіруде.

"Керемет. Жастар бақытты, байқуатты болсын!", "Дұрыс, қазағым осылай жүрсін", "Байдың ақшасын байғұс қызғанады. Қолдан келсе неге жасамасқа. Бәріне жұғысты болсын!", "Кезінде Тұрсынбек 2020 жылы құдалар вертолетпен келетін шығар деп еді. Дәл айтыпты ғой", "Құдалар островтан келген бе, құда күтіп емес ақша жинап жүр ғой құдағилар", "Тоқшылық не істетпейді. Доллары көп болса мұқтаждарға неге бермейді", "Дарақылық. Қазақ білімге, ғылымға осылай құштар болса ғой. Бос мақтаншақтық қанымызда бар", "Адал еңбекпен тапқан ақшаны бұлай шашпайды", - деді желі қолданушылары.