Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодар облысында егін жинау науқаны кешігіп жатыр

20.10.2023ж. 20:00
1011
Павлодар облысында  егін жинау науқаны кешігіп жатыр

Павлодар облысында егін жинау науқаны кешігіп жатыр. Бұған күн ара жауған жауын себеп. Соның салдарынан егінді көк шөп қаулап кеткен. Ал әлі жиналмаған дән шіри бастады. Ал ылғалдылығы аса жоғары болса, элеваторлар астықты кептіруге алмайды. Бұл диқандардың жаз бойғы еңбегін зая қылмақ. Биыл қуаңшылықтан егіннің жартысына жуығы күйіп кетті. Қалған өнімнің түсімі өте нашар. Былтырғыға қарағанда, екі есе төмен.

Ерлан ТОҚТЫШАҚОВ, ДИҚАН:

Кеше жауын құйып өтті. Жұмыс тағы тоқтады. Бидайды жинап жатырмыз. Гектарына 1,4 центнер. Дәнінде піспеген жасылы көп. Келесі жылға қажетті тұқым жинап алсақ соған да разы боламыз.

Есентай МҮРСӘЛІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазір күнбағысты орып жатыр. Ылғалдылығы 11-12 пайыз. Майлы дақыл үшін бұл өте зиян. Кептіріп үлгергенше көгеріп кетуі мүмкін.