Алматыдағы
балалар үйінде өрттің тұтануына қосулы қалған үтік пен теледидар себеп болуы
мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары осындай болжам жасап отыр.
Бағанашыл ықшамауданында орналасқан облыстық №1 балалар үйінің бір жақ бөлігі
өткен түні өртке оранған. 180 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалыннан 5 адам
зардап шекті. Арасында жеткіншектер бар.
Айгүл
Ермахан, тілші:
Өрт
түнгі 23.00 шамасында тұтанған. Екінші ғимараттан шыққан қызыл жалын әп сәтте
180 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі тілсіз
жаумен бір сағатқа жуық арпалысқан. 161 бала мен 12 қызметкер қауіпсіз жерге
көшірілді. 4 жеткіншек пен тәрбиеші ауруханаға түскен.
Ләззат
Базарқұлова, Алматы облысы білім
басқармасының басшысы:
Анықтап жатыр неден
шыққанын. Әзірге белгісіз, телевизор тұрған. Басқа ешқандай прибор жоқ.
Алдында апрельде тексеріп, берген
замечаниелері августе тексерген де,
устранить етілген. Сондықтан
өрттен қауіпсіздігін де ешқандай
проблема жоқ.
Өрт балалар теледидар көріп, тынығатын бөлмеден басталған. Ток көзіне қосулы
қалған үтік пен теледидар жалынға себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Өрттің
нақты себебі сараптама қорытындасы
шыққан соң белгілі болмақ.
Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қаласы төтенше
жағдайлар департаментінің ресми өкілі:
Өрт
сөндірген кезінде төтенше жағдай департаменті қыметкерлері өртті болған жерде теледидардың қосылып қалғанын және үтіктің
қалған бөлшектерін көрген екен. Дәл қазіргі кезде материалдардың барлығы тексеріліп, ішкі істер департаментіне жөнелтіледі.
Эвакуациялау
кезінде жарақат алған төрт баланың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында.
Нұржан
Исабеков, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы:
Диагнозына
келіп тоқталсақ, бір науқастың омыртқасы компрессионный переломы
бар. Қалған науқастар да іштің жабық жарақаты, бел аумағының зақымдануы байқалады. Қазіргі
жағдайы бірқалыпты. Өміріне қауіп тұрған жағдай жоқ. Тәрбиеші болған. Ол өрт болған жерде қаралып, ауруханаға жатқызылатын көрсеткіші болмағандықтан, үйіне
жіберілді.
Айгүл
Ермахан, тілші:
Құрылыс
бригадалары өрт салдарынан қираған ғимаратты жөндеу жұмыстарын бастап кетті.
Балалар үйінің ғимараты екі блокқа бөлінген. Қазір балалар 4 қабатты
нысанның екінші бөлігіне орналастырылды. Жұмыс күнделікті кестеге сай жүргізілуде.
Құрылыстың сапалы жасалуын облыс әкімі Амандық Баталов тікелей қадағаламақ. Бұл
туралы облыс басшысының баспасөз
орталығы ақпар таратты.
Айгүл ЕРМАХАН