$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Кітап-AMANAT» жобасы - оқырман мен баспагер арасындағы алтын көпір

23.10.2023ж. 20:00
1153
«Кітап-AMANAT» жобасы - оқырман мен баспагер арасындағы алтын көпір

Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалында «Кітап-AMANAT» жобасы аясында кітап орталығы ашылды. Осы арқылы партия отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруды, адамдарды оқуға ынталандыруды, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларға қолдау көрсетуді мақсат еткен. Мазмұнды шараға баспагерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, «ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Кітапқа деген құрмет алғашқы орында. Кітаппен көзін ашқан, кітаппен елдің деңгейін көтерген. Мұндай қиын, күрделі кезде кітап бізді әрқашанда жақсылыққа қарай тартады. Жаңашылдыққа жетелеп отырған. Бүгінгі "AMANAT" партиясының осы шарасын халық, әсіресе зиялылар жақсы қабылдап жатыр. Бұл жалғасын табуы керек.

Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ, «ҚР БАСПАГЕРЛЕР, ПОЛИГРАФИСТЕР ЖӘНЕ КІТАП ТАРАТУШЫЛАР» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кітап деген не? Кітап өндірісі деген не? Біздің халқымыздың жан дүниесінің бір бөлігі. Рухының бір бөлігі. Мемлекет қауіпсіздігінің бір бөлігі. Данагөйлер айтады екен, ең мықты халық- кітабы көп халық, ең қауіпсіз мемлекет кітабы көп мемлекет.