Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының есімін Елордаға беруді қолдауға шақырды

AstanaTV
23.11.2016ж. 20:00
2313
Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының есімін Елордаға беруді қолдауға шақырды

Бүгін «Қазақстан - 2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өтіп, онда бүкіл қазақстандықтарға арналған үндеу қабылданды. Құжатты таныстырған  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед отандастарымызды Елбасының есімін Елордаға беру бастамаларын қолдауға шақырды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Еліміздің барлық азаматтарын «Тәуелсіз Қазақстан» монументін тұрғызу, Ата заңымызда Елбасымыздың ерен еңбегін атап көрсету мен оның есімін Елордаға беру бастамаларын қолдауға шақырамын.

Кездесуді ашқан "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерін атап өтті.  Ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы бекітілгеніне, президенттің ядролық қаруға қарсы бастамаларының маңыздылығына тоқталды. Тәуелсіз Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы, қазақ елінің жаңа астанасын салу сияқты тарихи шешімдерге ерекше назар аударды. Мұндай толағай табыстардың барлығында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы бар екенін айрықша атады. Жиын қорытындысы бойынша қабылданған үндеуде тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер -  жалпыұлттық бірлік, халықтың жанкешті еңбегі мен ынта-жігері екендігі айтылған. Одан бөлек үндеуде бес институционалдық реформа, «100 нақты қадам», Ұлт жоспары және «Мәңгілік ел» идеясының еліміздің даму жолында маңызды рөлге ие екендігі де атап көрсетілген.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

25 жылдың ішінде біздің жалпы ішкі өніміміз 12 есе өсіпті. 2015 жылы 41 триллион теңгеге жеттік. Тағы да айта кетсек, 1999 жылмен салыстырғанда, 240 пайызға шағын бинестің саны, 180 пайызға орта бизнестің көлемі артып отыр. Бұл да, меніңше, үлкен жетістік.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі: 

Астана қаласына Нұрсұлтан Әбішұлының атын берсек деп жатыр. Нұр-Астана, мысалы, Нұрлы Астана, Сұлтан Астана. Тіпті Назарбаев атты болуы мүмкін. Енді оны ел білер. Бұл кісіні қалаға, осы Астананың архитекторы болғаннан кейін, бұл кісінің аты мәңгілік. Сондықтан ел шешіміне келетін шығар.