Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елбасы БҰҰ Бас хатшысы лауазымына тағайындалған Антониу Гутерришпен кездесті

AstanaTV
23.11.2016ж. 20:00
2422
Елбасы БҰҰ Бас хатшысы лауазымына тағайындалған Антониу Гутерришпен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына тағайындалған Антониу Гутерришпен де кездесті,-деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы оны жаңа қызметімен құттықтады.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланғаны белгілі. Осы ретте тараптар екі жақты ынтымақтастықтың жалғаса береріне сенім білдірді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Гутерриштің әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси жағдайда қызмет атқаруына тура келетінін айтты. Антониу Гутерриш БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымында қызмет атқарған тұста көрсеткен ілтипаты үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Өзара тиімді қарым-қатынастың жалғасарынан үмітті екенін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Вы можете полностью рассчитывать на поддержку Казахстана в Вашей сложной деятельности, мы будем вместе с вами работать, как это делали всегда, ООН с Казахстаном были самые доверительные  отношения, с большим удовольствием мы вас принимаем здесь.