Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Алтай Альпісі» тау шаңғысы кешенінде болған өрттен 10 VIP-бөлме жанып кетті

AstanaTV
23.11.2016ж. 20:00
2179
«Алтай Альпісі» тау шаңғысы кешенінде болған өрттен 10 VIP-бөлме жанып кетті

Шығыстағы «Алтай Альпісі» тау шаңғысы кешеніндегі өрттен келген шығын 30 миллион теңге көлемінде. Біздің арнаға берген сұхбатында кешеннің директоры осылай деп мәлімдеді. Бүгін таңғы сағат 4-тің шамасында 2 қабатты коттеджден өрт шыққан. Жалын шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрайды.

Бұл демалыс орны Өскемен қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Өрт сөндірушілерге діттеген жерге жету үшін 30 минуттай уақыт кеткен. Тілсіз жаудың бетін қайтару үшін 19 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат таңғы алтыда өрт толықтай сөндірілген. Кішігірім үйлер мен вип-нөмірлер күлге айналды.