Ақтауда тағы да қандаланың уынан тұрғындар зардап шекті. 5 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бір баланың жағдайы ауыр.
Бұл 1 айда болып тұрған екінші оқиға. 3 "А" шағын ауданның 25-үйінде пәтерлердің бірін қандалаға қарсы белгісіз препаратпен улаған.
Салдарынан көрші үйдің 5 адамы ауруханаға жеткізілді, оның үшеуі бала. Дәрігерлер 2 жеткіншекті тексеріп, үйге қайтарған, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал бір бала ауыр жағдайда ауруханда жатыр. Тағы ересек 2 тұрғынға амбулаторлық ем көрсетіліп, үйіне жіберілді.
Айта кетейін, Ақтауда осыдан 5 күн бұрын дәл осындай оқиға болып, бір отбасының 2 бірдей баласы қайтыс болды.
Анасымен тағы 2 бүлдіршін ауруханаға жатқызылды. 6 жасар баланың жағдайы ауыр болатын. Бүлдіршін тәуір болып, ауруханадан шыққан.