Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда емхана директоры қамауға алынды

30.10.2023ж. 20:00
874
Атырауда емхана директоры қамауға алынды

Атырауда нөмірі 4-інші емхана директоры ұсталды. Ол бюджет қаржысын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, 57 жастағы күдікті 4 емхананы 2021 жылдың күзінен бері, яғни 2 жыл басқарған. Соңғы кезде қарамағандағы ақ халаттылар әлеуметтік желіде басшысының үстінен дөрекі сөйлеп, негізсіз ақша жинайтыны туралы айтып, шағым білдірген болатын.

Жәнібек ҚАРАЖАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге "қамауда ұстау"түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.