Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол жиегінде дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні қағып өлтірді

30.10.2023ж. 20:00
824
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол жиегінде дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні қағып өлтірді

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол жиегінде дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні қағып өлтірді. Оқиға түнде қаланың қақ ортасында болды. 54 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған «Audi 80» маркалі автокөлігіне соғылған. Сол сәтте жеңіл көлікті тізгіндеуші қасындағы жолаушымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқан. Жүргізуші сол жерде тілге келместен көз жұмды. Ал 36 жастағы ер адам түрлі жарақатпен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімінде (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) көзделген тергеу амалдары басталды.