Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Үндістан теміржолында тағы да ірі апат болды

AstanaTV
30.10.2023ж. 19:31
466
Үндістан теміржолында тағы да ірі апат болды

Жексенбі күні Үндістанда жолаушы тасымалдайтын екі пойыз соқтығысып, салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тапты, тағы 50-ге жуық адам жарақат алды. Каzinform бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Апат елдің солтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатында орын алған. Оқиға орнына жүздеген құтқарушы дереу жеткен.

Тергеудің алдын ала мәліметі апатқа «адамның қателігі» себеп болғанын көрсетті.

Премьер-министр Нарендра Моди оқиғаға байланысты көңіл айтып, теміржол министрімен байланыста екенін жеткізді.

Вишакхапатнам мен Паласа арасында келе жатқан жолаушылар пойызы жергілікті уақытпен кешкі сағат 19:00 шамасында басқа пойызбен соқтығысып, үш вагон рельстен шығып кеткен. Теміржол қызметкерінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, Вишакхапатнам мен Раягада бағытындағы екінші жолаушылар пойызы оны арт жағынан соққан кезде аспалы тростың үзілуінен темір жол бойында тоқтап қалды.

Жолаушыларды құтқару және адамдардың денелерін шығару үшін оқиға орнына жүздеген жедел жәрдем, дәрігерлер, мейіргерлер мен құтқарушылар жіберілді.

Үндістан күн сайын миллиондаған жолаушы тасымалдайтын әлемдегі көшбасшы елдердің бірі. Алайда, теміржол инфрақұрылымының көп бөлігі жөндеуді қажет етеді.

Еске салайық, бірнеше ай бұрын ғана аталған елдің шығысындағы Одиша штатында үш пойыз соқтығысып, 292 адам қаза тапты, тағы мыңдаған адам жарақат алды.