Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Сарышұнақ аязда пайдаға кенелгендер мен қайырымдылық жасағандар

AstanaTV
25.11.2016ж. 20:00
3336
Сарышұнақ аязда пайдаға кенелгендер мен қайырымдылық жасағандар

4 күнгі аяздан 4 миллион теңге пайда көрген пысықайлар бар. Есесіне, күн суыса да, жүрегіндегі жылуын суытпаған мейірімді жандар да аз емес. Сарышұнақ аязда көптеген жүргізушілер жолда тұрған адамдарды діттеген жеріне тегін жеткізген. Ал кей дәмхана қожайындары жаурағандар бой жылытсын деп тегін шәй берген.

Оразалы Төлебаев, көлік жүргізушісі:

Осы аяздарда екі адам ала кеттім. Әйел адамдар баллармен тұрады. Тоңады балалары. Әжелерді, аталарды ала кетесің. Болды ондай, баталарын беріп жатады. Жақсылық жасау керек деп ойлаймын. Оның еш жамандығы жоқ. Жақсылық жасасаң, өзіңе қайтып келеді дейді ғой. 

Қайырымды жандар мен аязда қатып от алмай қалған көліктерді қыздырып беріп қыруар қаржы тапқандар. Бұл туралы арнайы материалды ертең, 20.00-де, «Біздің уақыт» бағдарламасынан көріңіздер!

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ