Сайлаушылардың
дауыс беру көрсеткіштері бойынша алдын ала мәліметтер жарияланды. Оған сәйкес
қазақстандықтардың 77 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Бұл жөнінде Орталық
сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық
Тұрғанқұлов хабарлады.
Айта кетейік, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат
депутаттарының сайлауы аяқталды. Сайлау учаскілері жабылған. Қазір учаскелік
сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылардың дауыстарын санап жатыр.
Ал шетелдердегі 65 сайлау учаскесінің
бірқатарында дауыс беру әлі де жалғасуда. Өйткені уақыт белдеуіндегі
айырмашылыққа байланысты, олар өз жұмысын біздегі уақытпен санағанда кештеу
бастады. Жалпы өзге мемлекеттерде 14
мыңға жуық Қазақстан азаматы дауыс беруге құқылы екенін еске салайық.