$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Алдын ала қорытынды бойынша Мәжіліске үш партия өтті

AstanaTV
21.03.2016ж. 20:00
1841
Алдын ала қорытынды бойынша Мәжіліске үш партия өтті

Мәжіліске үш саяси партия өтті. Алдын ала қорытындылар осыны көрсетті. Яғни Парламент Мәжілісіне өз үміткерлерін ұсынған 6 партияның үшеуі сайлау туралы заңда көрсетілген 7 пайыздық межені бағындырған.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов айтты. Бірақ бұл сайлаудың толық қорытындысы емес. Соңғы мәліметтерді Орталық сайлау комиссиясы наурыздың 26-да жариялайды. Сөйтіп «Нұр Отан», «Ақ жол» және коммунистік партия өкілдері заң шығарушы органға қайта келетін болды.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

«Нұр Отан» партиясы үшін сайлаушылардың 82,15 пайыз даусы берілді, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына - 7,18 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы үшін - 2 пайыз, Қазақстан коммунистік халық партиясы үшін - 7,14 пайыз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы үшін - 1,18, «Бірлік» саяси партиясы үшін - 0,29 пайыз.