Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде жылап жатқан видеосын жариялап, көпшілікке жан сырын ақтарды. Некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі басынан қиын кезең өткеріп жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Балжан Бидаштың Instagram желісінде бөліскен видеосы елді алаңдатты. Бейнежазбада әртістің жылап жатқанын көруге болады. Ол қаншалықты мықты болса да, өзін сүйреп шаршағанын айтты. "Мен осы уақытқа дейін сіздерге ашылып, қиналған эмоциямды көрсеткен емеспін. Қанша мықты болсам да, өзімді сүйреп шаршадым. Сенің тағдырыңда болып жатқан жағымсыз құбылыстарға біреудің кінәсі жоқ. Ол өзіңнің таңдауың. Бәрі жаратқан иеміздің жоспары", - деп жазды әнші.
Сондай-ақ, өнер иесі өзі үшін алаңдап, қолдау білдіріп жатқан көпшілікке алғысын айтты.
"Хаттарыңызды оқыдым. Уайымдамаңыздар, өздеріңіз айтпақшы уақыт бәріне емші. Қолдауларыңызға рахмет. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін", - деп жазды ол.
Балжан Бидаш қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа ұшып кетті.