$503.15 €543.3 ₽5.93
×

БҚО-да із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзен жағасынан табылды

AstanaTV
06.11.2023ж. 11:02
784
БҚО-да із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзен жағасынан табылды

Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзен жағасынан табылды, жергілікті полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 4 қараша күні сағат 15:10-да Жайық өзенінің жағасынан Январцево ауылының 56 жастағы тұрғынының мәйіті табылды.

Бұған дейін ер адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған.

Полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.