$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тұрғындар ерекше құбылысқа куә болды

06.11.2023ж. 20:00
863
Тұрғындар ерекше құбылысқа куә болды

Кеше аспан ерекше түске боялды. Табиғи құбылысты бірнеше облыс тұрғындары байқаған. Әдетте лапландияда ғана көрінетін полярлық сәулелерді жұртшылық смартфонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Ерекше құбылысты тек қазақстандықтар ғана емес, Ресей мен Белоруссия тұрғындары да тамашалаған. Қозыбаев университетінің астрономы Андрей Солодовников мұны магниттік дауылмен байланыстырады.

Андрей СОЛОДОВНИК, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Қазір күннің көзі өте белсенді. Күннің температурасы әдетте 1-1.5 миллион градус. Бірақ кейбір аумақтары 3-4 миллион градусқа жетеді. Бұл жерлерден жан-жаққа протондар шашырап жатыр. Сол протондар бізге жетіп, солтүстік шұғыласы сияқты табиғи құбылыстарды тудырады. Соңғы рет мұндай құбылыс Солтүстік Қазақстанда 2016 жылы болды.